Ninety one тобының құрамы өзгерді

5 Тамыз 2020, 22:33
4680
Бөлісу:
Ninety one тобының құрамы өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Топ мүшесі AZ топтан кетті. Бұл туралы Juz intertainment ресми парақшаларында хабарлады.

Жоспарланған қуанышты жаңалықтарға толы жылда Ninety One тобы, өкінішке қарай, бірқатар жағдайға байланысты топ мүшесі AZ-мен келісімшартты тоқтатуға мәжбүр болды, - деп жазды олар.
 


Компания AZ-ге туындылардың авторлық құқығына рұқсат беретінін және ол топтың өзге мүшелерімен достық қарым-қатынасты жалғастыратынын хабарлады.

Лидер атын арқалаған "NINETY ONE" тобының енді бұрынғы мүшесі AZ (Азамат Зенкаев) 1993 жылы қыркүйек айының 28-і Қазақстанның батыс өңіріндегі Балықшы деген жерде өмір есігін ашқан. Азаматтың еске алуынша, балықшылар мекені - Атыраудағы қауіпті аймақтардың бірі. Қараңғы көшелердегі құрдастарымен төбелес, құлаққап, кең шалбар, рэп оқу - бәрі агрессияға толы баланың күнделікті өміріне айналған.

Айта кетейік, Ninety One немесе 91 — JUZ Entertainment агенттігінің 2015 жылы «Айыптама» атты синглмен дебют алған, 5 мемберден тұратын қазақстандық бойз-бэнд. Топ мүшелері: A.Z., ALEM, ACE, ZaQ және BALA. Топ K-pop жанрынан бастау алып, Q-pop (Qazaq-pop) жанрының іргесін қалады. Топтың бас продюсері - ORDA тобының мүшесі Ерболат Беделхан.
 

Өзгелердің жаңалығы