Бас жаңалықтар
Назарбаев қырғыздарға бір жылға мүмкіндік берген – Бақыт Сұлтанов
13 Мамыр 2021, 11:12 4296

Назарбаев қырғыздарға бір жылға мүмкіндік берген – Бақыт Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат ЕАЭО аясында Қырғызстанның кедендік-тарифтік мөлшерлемесіне қатысты құжатты мақұлдады.

2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасы қосылған болатын. Осыған байланысты «Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартты, ЕАЭО-ның құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және ЕАЭО органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жоғары палатадан қолдау тапты.

Қырғыз Республикасына 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін кейбір тауарға қатысты ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік тарифінде көзделгеннен неғұрлым төмен импорттық кеден баждарды қолдануға мүмкіндік берілген. Өйткені Қырғыз Президенті 2019 жылғы желтоқсанда ЕАЭО мемлекеттері басшыларының саммиті барысында алып қою тауарларына қатысты неғұрлым төмен баждарды қолдану мерзімін ұзарту туралы өтініш жасады. Талқылау қорытындысы бойынша мемлекет басшылары, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өтпелі кезеңді бір жылға ұзартуға келісе отырып, ізгі ниетін білдірді, - дейді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, төменгі баждардың қолдануын ұзарту көлік тобына әсер етпеді.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қырғыз Республикасы барлық тауарға қатысты ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелеріне көшті, - деді министр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...