Атырауда 10 мамырға дейін вакцинациялау жұмысы жүргізіледі

26 Сәуір 2024, 17:50
258
Бөлісу:
Атырауда 10 мамырға дейін вакцинациялау жұмысы жүргізіледі
Фото: BAQ.KZ - архив

Атырауда 10 мамырға дейін халық арасында вакцинациялау жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысында вирустық инфекциялардың алдын алу үшін балалар мен жасөспірімдер арасында Гепатит А вирустық вакцинасын салу жұмысы 10 мамырға дейін жүзеге асады. Осы орайда Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 18 жасқа дейінгі ересектерге екпе алу қажеттігін ескертеді.

Су тасқынының салдарынан туындайтын түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу үшін халық арасында балалармен қатар ересектерді де екпе алатындар санатына қосып отырмыз. 10-мамырға дейін Гепатит А вакцинациясын алу шарасы жүргізіледі. Қазіргі уақытта екпе алушылар санын есептеп, емдеу мекемелеріндегі вакцинаның қоры толықтырылуда, - дейді Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Бекешева.

Спикер елімізде Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатқанына байланысты шараға Атырау тұрғындарын белсенді қатысуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы