Берік Уәли жер туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге түсініктеме берді

13 Мамыр 2021, 11:03
1973
Бөлісу:
Берік Уәли жер туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. 

Осыған орай Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында заңға қатысты түсініктеме беріп өтті.

Аталған заң бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға жеке меншікке және жалға беруге тыйым салынады. Осылайша ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану құқығы тек қана Қазақстан азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға беріледі, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы