Нұр-Сұлтанда бүгін қар тазалауға 1 200 техника, 1 403 жұмысшы жұмылдырылды

24 Қаңтар 2020, 19:45
1553
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда бүгін қар тазалауға 1 200 техника, 1 403 жұмысшы жұмылдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 қаңтардан 24-не қараған түні елордадан 19 088 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін түнде қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 036 техника бірлігі мен 347 жол жұмысшысы жұмылдырылған болатын. Нәтижесінде, 1 590 рейс жасалып, 19 088 текше метр қар қала сыртына төгілді. Бүгін қар тазалау, шығару жұмыстарына шыққан жұмысшылар саны 1 403 адамды құраса, техника саны 1 200 бірлікке жетті.  Жалпы осы уақытқа дейін 2 215 517 текше метр қар шығарылды (184 626 рейс).

Өзгелердің жаңалығы