Сақ болыңыз. Астанада алаяқ VIP көліктерді арзан бағамен ұсынған

26 Сәуір 2024, 17:17
2600
Бөлісу:
Сақ болыңыз. Астанада алаяқ VIP көліктерді арзан бағамен ұсынған
Фото: BAQ.KZ - архив

Астанада алаяқ элиталық көліктерді арзандатылған бағамен ұсынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін қала тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыскер өзін жоғары лауазымды шенеуніктің туысы ретінде таныстыра отырып, жәбірленушілерге қаржы ұйымынан есептен шығарылған, өкілдік санаттағы автокөліктерді нарықтан төмен бағамен сатып алуды ұсынған. Осылайша, сотталған жәбірленушілердің 37 млн теңгеден астам қаражатын иемденген, - делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Сотталғанның бастапқыдан автокөліктерді сатып алу ниеті болмағаны, ол өзінің нұсқасын жәбірленушілерден барынша пайда алу үшін ойлап тапқаны мемлекеттік айыптаушымен дәлелденді.

Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Аталған алаяқтық жағдайларды болдырмас үшін сатуды жүзеге асыратын ресми ұйымдарға тікелей жүгіну қажет екенін ескертеміз, - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы