Сарапшы: Президенттің "салық – халықтың ақшасы" дегенін ескеруіміз қажет

24 Қаңтар 2020, 19:26
1497
Бөлісу:
Сарапшы: Президенттің "салық –  халықтың ақшасы" дегенін ескеруіміз қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Аталған жиындағы көтерілген мәселелерге байланысты ҚР президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов өз пікірін білдірді.

Президенттің үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі кезеңіндегі ең өзекті мәселелері қозғалды. Оның ішінде қаржы секторының жай-күйінен кәсіпкерлікті дамытуға және бәсекеге қабілеттіліктің артуына дейінгі мәселе қозғалды. Ұлттық экономикамыздың бірқатар сын-қатерлерге тап болғаны рас, оларға жауап ретінде мемлекет басшысы айқындаған жедел және стратегиялық шаралардың кең ауқымы бар. Салық саясатының тиімділігін арттыру, қаржы жүйесінің мәселелерін шешу, квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру және жекешелендіруді жалғастыру, зейнетақы жүйесін модернизациялау, адами капитал сапасын жақсарту сияқты мәселелерді ерекше атап өтуге болады, – деді Вячеслав Додонов. 

Оның айтуынша, экономиканың басым бағыты ретінде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру маңызды. 
Қазақстан экономикасының дамуының басты бағыты – халық табысының өсуі, жұмыс орындарын құру, еңбекті лайықты бағалап дұрыс жалақы төлеу, адами капиталдың сапасын жақсарту болу керек. Бұл бағытта көп жұмыс атқарылды. Дегенмен, жаңа шаралар әлеуметтік мәселелердің шешімін жаңа деңгейге шығарады. Әлбетте, әлеуметтік саланы дамыту қымбатқа түседі, сондықтан мемлекет басшысы өз сөзінде әлеуметтік мәселелерді шешуге қосымша қаржы ресурстарын жұмылдыруды қалай қамтамасыз етуге болатындығын да атап өтті. Бұл ретте президенттің "салық –  халықтың ақшасы" деген ескертуін қаперге алуымыз қажет. Осы ретте салықтық саясатты жетілдіріп және олардың тиімділігін арттыру және әкімшілік шығындарды азайту мақсатында квазимемлекеттік құрылымдарды реформалауды қолға алуымыз керек. Оның ішінде «қымбат көліктерді сатып алуға ұзақ мерзімді мораторий жариялауды» қарастыра аламыз, – дейді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы