Салдары ауыр болатынын ескертеміз – Калайчиди заңсыз дәрі сату туралы

7 Шілде 2020, 17:48
1909
Бөлісу:
Салдары ауыр болатынын ескертеміз – Калайчиди заңсыз дәрі сату туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәрі-дәрмекті сатудың көлеңкелі бизнесін барынша зерделедік, деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтып берді.

Эфирге 2 сағат қалғанда Алматы қаласында дәрі-дәрмекті қымбатқа сатпақ болған 1987 жылғы тұрғын ұсталды. Одан "анаферонның" балаларға арналған 100 қорабы, үлкендерге арналған 62 қорабы, "гроприносиннің" 100 қорабы, "ингавириннің" 7 қорабы және сатылған заттардан түскен 717 мың теңге тәркіленді. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша іс жүріп жатыр. Бұл жұмыс құзыретті мемлекеттік органның қатысуымен жүзеге асырылып жатыр, - деді ол.  

Ол атап өткендей, барлық өңірде қажетті жедел штабтар құрылған. 

Дәрі-дәрмекті сатудың көлеңкелі бизнесін барынша зерделедік. Сондықтан да заңсыз дәрі сатуға бармауға кеңес беріп, оның салдары ауыр болатынын жеткізгіміз келеді. Тұрғындар алдындағы моральдық жауапкершілікті ұмытпау керек, - деді Калайчиди.
Бұған дейін ІІМ орынбасары бір күнде 46 адам ұсталып, олардан 20 884 мың дәрі-дәрмек қорабы тәркіленгенін айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы