Бас жаңалықтар
Заңсыз митингке шыққан 100-ге жуық азамат ұсталды – вице-министр
09 Маусым 2019, 15:55 1919

Заңсыз митингке шыққан 100-ге жуық азамат ұсталды – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Елорда мен Алматы қаласындағы заңсыз митингке шыққан жүздеген адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары  Марат Қожаев айтты.

"Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының шақыруымен рұқсат етілмеген митинг өтті. Өздеріңізге белгілі, бұл ұйымның жетекшісі елден қашып кеткен азамат. Ол халықты  сайлауға байкот жасауға, мемлекет басшыларына қарсы шығуға белсенді түрде үгіттеді", – деді Марат Қожаев.

Вице-министрге тілшілердің бірі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында қанша адам ұсталғанын сұраған болатын. Ол заңсыз митингке қатысқан 100-ге жуық адам ұсталғанын айтты.

"Әрине шетелде жүріп, халықты осылай жариялы тұрғыда үгіттеп шақырған. Сондықтан халықтың шамалы бөлігі митингке келген. Біз қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қолданып жатырмыз.Қазіргі кезде 100-ге жуық адам ұсталды. Осындай қарсы әрекеттерге қарамастан, сайлау қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Халық сайлау учаскелеріне өз таңдауларын жасауға барып жатыр", – дейді ол.

Естеріңізде болса, бұған дейін вице-минитр мас күйінде дауыс беруге келген азамат туралы айтқан болатын. Сонымен қатар Бас Прокуратура заңсыз митингке қатысты үндеу жариялаған еді.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық