Мейірім Нұрсұлтанов 14-ші жеңісіне жетті

5 Желтоқсан 2020, 22:42
2607
Бөлісу:
Мейірім Нұрсұлтанов 14-ші жеңісіне жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан спортшысы Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) Екатеринбург қаласында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті.

ҚазАқпарат ХАА-ның хабарлауынша, Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Илья Баландинмен (4-3-1, 2 КО) рингке шықты. 

Жекпе-жек барысында бұған дейін бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов өз соққыларын көбірек дарытып отырды. Әсіресе, үшінші раундта қарсыласын тықсырып, жекпе-жекті ерте аяқтайтындай көрінген. Бірақ И.Баландин толық сегіз раунд бойы шыдап бақты. Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс М.Нұрсұлтановқа берілді. 

Осылайша Мейірім кәсіпқой бокстағы 14-інші жеңісіне қол жеткізді. 

Айта кетейік, Мейірім бір жылдан астам уақыт бойы рингке шықпаған екен. Ол соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 2 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізген еді. Онда Қазақстан боксшысы WBC (USNBC) версиясы бойынша аймақтық АҚШ чемпионы атанған болатын.

Өзгелердің жаңалығы