Металлургтер маскамен тегін қамтамасыз етіледі – Теміртау

4 Сәуір 2020, 06:43
1688
Бөлісу:
Металлургтер маскамен тегін қамтамасыз етіледі – Теміртау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында кәсіпорындар өз қызметкерлері үшін маскалар тігуге тапсырыс береді. "АрселорМиттал Теміртау" металлургтерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Компанияның мәліметі бойынша, бірнеше рет қолданылатын маскалар еншілес кәсіпорындарда тігілуде. 60 мың данадан тұратын партия жақын арада келіп түсуі тиіс.

Бірінші тапсырыс трамвай паркінен болды. 800 маска тігілді. Сондай-ақ біздің фабриканың барлық қызметкерлерін маскамен қамтамасыз еттік. Қазір "АрселорМиттал Теміртау" тапсырысын орындап жатырмыз, - деді "ТАА" ЖШС тігін-трикотаж цехының басшысы Ирина Ем.

 

Бірнеше рет қолданылатын маскалар мақта-мата және бөз матадан тігіледі. Бір өнімді тігу шамамен төрт минут алады. Бір ауысымда әр тігінші 120 дана шығарады.



Өзгелердің жаңалығы