"Біз біргеміз" жалпыұлттық телемарафоны өтеді

26 Сәуір 2024, 10:38
194
Бөлісу:
"Біз біргеміз" жалпыұлттық телемарафоны өтеді
Фото: Нұркен Алишев - архив

30 сәуір күні сағат 17:00 – 22:00 дейін алғаш рет 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде "Біз біргеміз" жалпыұлттық телемарафоны өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Телемарафонның басты кейіпкерлері – табиғи апат кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар.

Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер мен сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін танытқан ел тұрғындары бар.

«Jibek Joly»,«Qazaqstan», «Хабар»,«Еуразия», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana TV», «7 арна» және «Almaty TV» телеарналарының 5 сағаттық тікелей эфирінде тасқын басқан аумақты көзбен көріп, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарының жан тебірентер оқиғалары, табиғи апат аймақтарынан репортаждар беріледі.

Шараның онлайн трансляциясы Jibek Joly эфирінде, сондай-ақ YouTube желісінде жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы