Бас жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшілер киберқауіпсіздіктің онлайн-курсынан өтеді
11 Шілде 2019, 16:09 175

Мемлекеттік қызметшілер киберқауіпсіздіктің онлайн-курсынан өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Cisco желілік академиясымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер үшін онлайн оқу курстарын ұйымдастырып отыр.

Мұндағы басты мақсат - тыңдаушылардың ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерден  хабардар болу деңгейін арттыру.

"2019 жылғы 1 шілдеден 1 қазанға дейін Қазақстанның 20-дан астам мемлекеттік және 17 жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері тегін оқытылады.  5 аптаға есептелген оқыту бағдарламасы 5 бөліктен тұрады" - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Cisco желілік академиясының оқу бағдарламасына қатысуға ниет білдіруші мемлекеттік қызметшілер бағдарлама сайтына кіріп, тіркеле алады. Қазақ тілінде оқушылар үшін, орыс тілінде оқушылар үшін арнайы тіркелу қажет.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық