«Қорғас» мүмкіндігі ойдағыдай пайдаланылмай отыр – KazakhTоurism

11 Шілде 2019, 15:55
3329
Бөлісу:
«Қорғас» мүмкіндігі ойдағыдай пайдаланылмай отыр – KazakhTоurism
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «KazakhTоurism» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиевтің айтуынша, «Қорғас» тек тауар емес, туристерді өткізу пунктіне айналу керек. 

Елордада Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Қорғас-Шығыс қақпасының» туристік мүмкіндіктері таныстырылды және «Қорғас» арнайы-экономикалық аймағының қытайлық туристерді тартудағы рөлі талқыланды. 

Осы орайда Қорғас қаласы партиясы қалалық комитетінің тұрақты мүшесі, насихаттау бөлімінің басшысы Чэнь Минцзюнь екіжақты туризм саласын дамытуда ынтымақтастық ниетін жеткізді.

«Нұр-Сұлтан және Қорғас қалаларының туристік ресурстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында туризмді дамытудың озық тәжірибесімен танысамыз және туристердің өзара тиімді ынтымақтастыққа жету үшін екі ел арасындағы туризм индустриясында әріптестер арасындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейміз. Сонымен қатар, осы шара Нұр-Сұлтаннан Қорғасқа көптеген туристі тартады деп есептейміз», - деді Чэнь Минцзюнь.

WhatsApp Image 2019-07-11 at 15.57.00.jpeg

«KazakhTоurism» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев Қытайдың А5 бағалау жүйесін қазақстандық  мамандар жоғары бағалағанын атап өтті. Сонымен қатар, Қорғастың «мүмкіндіктерін» Қазақстан әзірге толық пайдалана алмай отыр дегенді айтты. 

«Мұндай кездесулер туроператорлар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймайды, бізге басқа бағыттар бойынша да мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Мамырда өткен форумда Қытайдың А5 бағалау жүйесін жоғары бағаладық. Яғни, сапасына бірнеше талап бойынша бағалау. Бұл инфрақұрылымның, транспорттық қызметтер, аудармашылардың жұмысы және т.б. сұрақтар бір жүйеде дегенді білдіреді. Егер біз жақын арада осы ынтымақтастықты орната алсақ, онда бұл Қазақстан үшін өте пайдалы болады. Мейлі кішкентай жоба болсын, бірақ ол өте маңызды, пайдалы әрі сапалы болу керек. Қорғас – «Батыс Еуропа, Батыс Қытай» аясында Қытайдан Қазақстанға кіретін ең ірі қақпа. Бірақ бүгінде ол біз ойлағандай көлемде пайдаланылмай отыр. Біз үшін бұл қақпалар тек жүктің өтуі үшін емес, туризммен келетін қонақтардың үлкен қақпасы болғаны маңызды... Қытайда ішкі туризм жақсы дамыған. Циньзянға жыл сайын 80 млн-нан астам ішкі туристер келеді. Циньзянның Қорғасқа, Алматыға, Үрімшіге дейінгі арақашықтығын ескере отырып, айтылған көлемнің 1% өзі Қазақстанға кіргені жетіп жатыр. Мұның өзі біздің ел үшін үлкен туристік лек болып есептеледі. Бірақ мұнда басқа сұрақтар бар: біз қандай инфрақұрылымды құруымыз керек, бұл қонақтарды қандай сападағы мамандар қарсы алу керек? Біз осы тақырыптарды Қытай тарапымен талқылаймыз. Соңғы айлардағы ынтымақтастығымызды арттырып, кіші жобаларымызды іріге айналдырамыз деген ойдамыз», - деді Дүйсенғалиев. 

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы – екі мемлекет басшыларының бастамасымен қолға алынған Қытай мен өзге ел іске асыратын алғашқы трансшегаралық сауда-экономикалық жобасы.

Өзгелердің жаңалығы