Мемлекет бизнеске қандай қолдау көрсетті?

16 Шілде 2020, 16:35
1985
Бөлісу:
Мемлекет бизнеске қандай қолдау көрсетті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Даму" қоры АҚ басқарма төрайымының орынбасары Фархат Сәрсекеев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты. 

Бизнесті мемлекет төрт тетік бойынша қолдайды. Бұл бағыттар бойынша "Даму" қоры 90 мыңнан астам жобаға 5,7 трлн теңгенің қолдауын көрсетті. 2020 жылдың жарты жылында 239 млрд теңгенің 6,8 мың жобасына қолдау көрсеттік, - деді ол. 

Сәрсекеев жеңілдікпен несие беру құралы туралы айтып берді. 

Бұл жүйе іске қосылғалы 2,3 трлн теңге несиеге 64 мың қарыз алушы қаржыландырылды. Кәсіпкерлерді қолдау көлемін арттыру үшін микро несие беруді кеңейттік. 64 мың несие алушылардың ішінен микронесие ұйымдары арқылы қарыз алушылардың 59 пайызы қаржыландырылды. Жарты жылда 81 млрд теңгеден астам сомаға 4,6 мың жоба қаржыландырылды, - деді ол. 

Ол атағандай, пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау сұранысқа ие болатынын айтты. 

Аталған құрал бойынша кәсіпкерлер "БЖК-2025", "Қарапайым заттар экономикасы", "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдауға ие болады. Бүкіл кезең ішінде 3 трлн теңгені құрайтын несие сомасы 16 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы