Мемлекет басшысы Салтанат Рақымбекованың отбасына көңіл айтты

3 Тамыз 2020, 11:22
2783
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Салтанат Рақымбекованың отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы қоғам қайраткер Салтанат Рақымбекованың отбасына көңіл айтты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал қоғам қайраткері, эколог, экономика ғылымдарының докторы Салтанат Темірқұлқызы Рақымбекованың дүниеден өтуіне байланысты оның жұбайы, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбековке және отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Салтанат Темірқұлқызы әр жылдары қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жетілдіру, сондай-ақ, "Жасыл" экономиканы дамыту бағытында көп іс атқарды. Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағының тең төрайымы, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті болып, еліміздегі саяси-қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын, – делінген жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы