Мемлекет басшысы президенттік кадрлық резервіне өткен жастармен кездесті

15 Қаңтар 2020, 11:23
2856
Бөлісу:
Мемлекет басшысы президенттік кадрлық резервіне өткен жастармен кездесті
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада президенттік жастар кадрлық резервіне өткен 300 жаспен кездесті.

Қазақта "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"  деген сөз бар. Бүгін президенттік жастар кадр резервіне өту үшін арнайы бәйгеде бақ сынап, алға шыққан жастармен кездесіп отырмын. Бәріңізді шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге белгілі, кадрлық резерв жасақтау үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Бұл жобаға бүкіл еліміз бойынша 13 мың адам қатысты. Соның ішінен 300 азаматты іріктеп алдық. Науқанға қатысқан барлық қызметкерге ризашылығымды білдіріп, олар назарымызда қалады деп айтқым келеді. Өздеріңіз сияқты озық ойлы, бәсекеге қабілетті мамандар елімізге өте қажет. Жалпы, бұл - жас буын өкілдерінің жауапты қызметке келуі үшін жасалып отырған игі бастама, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
баур4.jpeg

Ол білімді әрі талапты азаматтарға үлкен үміт артатынын айтты.
Сіздер жаңа Қазақстанның дамуына аянбай үлес қосасыздар деп сенемін. Еліміздің алдында биік мақсаттар тұр. Ең алдымен мемлекетімізді одан ары өркендетіп, тәуелсіздігімізді нығайтуға тиіспіз. Сондай-ақ азаматтардың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуымыз керек. Осыған орай "Халық үніне құлақ асатын Үкімет" тұжырымдамасы қолға алынды. Мемлекетті басқару жүйесін жаңғырту мақсатымен ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Мұның бәрі жаңа кезеңге қадам басқан Қазақстанның игілігі үшін жасалып отыр, - деді мемлекет басшысы.
баур3.jpeg

Айта кетейік, қыркүйек айынан басталған іріктеу желтоқсанға дейін жалғасты. Жалпы іріктеуге 13 мыңнан астам адам қатысты. Солардың арасында президенттік жастар кадрлық резервіне 300 үміткер таңдалынып алынды. Олардың 106-сы жеке сектор, 98-і квазимемлекеттік сектор өкілі, ал 96-сы мемлекеттік қызметкер. Оның ішінде 57% шетелдік білімі бар, ал 43% – қазақстандық ЖОО түлектері. Іріктеу жеңімпаздарының орташа жасы - 31. Тізімге енгендердің 13-і Нұр-Сұлтан, 46-сы Алматы, 5-еуі Шымкент қаласының тұрғыны екен.

баур0.jpeg

Өзгелердің жаңалығы