Мектеп құрылысына бөлінген 45 млн теңге қайда кетті?

26 Наурыз 2020, 16:40
2117
Бөлісу:
Мектеп құрылысына бөлінген 45 млн теңге қайда кетті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 50 іс тіркелді. Бұл жайында аға тергеушісі Данияр Болатұлы брифинг барысында айтты.

Солардың бірі Қарағанды облысында әшкере болды. Осы жылдың 10 наурызында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтоғай ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мекемесімен "Аспал" өндірістік кешенінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша  сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Ақтоғай ауданы Сарышаған кентіндегі 465 ұлттық мектеп құрылысына бөлінген 45 млн теңге қаражатты жымқыру фактісі бойынша күдікті болып табылады. Оларға қатысты шешімді сот шығарады, - деді аға тергеуші Данияр Болатұлы.  

 Тағы да бір іс Ақтөбе облысында тіркелген. 
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша депараменті адвокаттар алқасының қорғаушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Адвокат қылмыстық іс бойынша күдіктілердің қорғаушысы бола тұрып, олардың туыстарының сеніміне кіріп, алдаған. Іс бойынша оң шешім шығару сылтауымен, жалпы сомасы 3 млн теңге қаражат жымқырды деген күдікке ілініп отыр, - деді аға тергеуші Данияр Болатұлы.  

Қылмыстық іс Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің тергеуінде. Сот тергеу жұмыстары жалғасуда.  

Өзгелердің жаңалығы