Өткен жылы Медеу ауданына 182,9 млрд теңге инвестиция тартылды

13 Ақпан 2020, 15:05
1469
Бөлісу:
Өткен жылы Медеу ауданына 182,9 млрд теңге инвестиция тартылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы Алматы қаласы Медеу ауданына тартылған инвестиция көлемі 182,9 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 13% артық. 

Бұл туралы аталған ауданның әкімі Сұлтанбек Мәкежанов Алматыда өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, ауданда 12 мың ШОБ субъектісі жұмыс істеп жатыр, бұл 150 мыңдай адам. Қазір аудандық ШОБ-тан жергілікті бюджетке түсетін салық үлесі  63% құрап отыр.

Жиын барысында ол Медеу ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы баяндады.

2019 жылы ауданда 3539 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, жастардың тәжірибе жинақтауы бойынша 123 адам қамтылды, 180 жұмыс орны әлеуметтік жұмысқа бағытталды, - дейді әкім. 

2019 жылы Медеу ауданында 33 шақырымды құрайтын 19 көшеге 1084 жарық шамы орнатылыпты. Биыл 279 көше мен 27 үй алаңына тағы да 6200 жарық шамы орнату жоспарланып отыр екен.

Сонымен қатар, ол өткен жылы 12 көшеде 5,8 шақырымды суқұбыры қайта жөндеуден өткенін, оның аясында 320 үй мен 2500 тұрғын қамтылғанын жеткізді. 

Соңғы үш жылдан бері  Думан ықшамауданында инженерлік желі салынып жатыр. Тұрғындар құбыр тартылғанымен жол бүлінгенін айтып шағымдануда. Бұл мәселенін шешу үшін Қалылық мобилділік басқармасы бұл жөндеу жұмыстарын кешенді жүргізу және осы көшелерді абаттандыру бойынша жоба әзірлеп жатыр. Оның аясында көшелер толықтай жөнделіп, жарықтандырылады, - дейді Медеу ауданының әкімі.

Сұлтанбек Мәкежанов "Қатысу бюджеті" жобасы аясында аудан тұрғындары қаланы дамытуға арналған 50-ден аса ұсыныспен шыққанын айтты.

Ашық дауыс берудің нәтижесінде тұрғындармен 8 жоба таңдап алынды, олар осы жылы жүзеге асырылады. Олардың қатарында суару жүйесін жақсарту, Думан, Алатау, Самал ықшамаудандарындағы саябақтарды абаттандыру, балаларға арналған спорт алаңдарын салу бар, - дейді әкім.

Өзгелердің жаңалығы