Бас жаңалықтар
Мал шаруашылығы саласында 4% өсім сақталып отыр - АШМ
03 Маусым 2020, 11:59 135

Мал шаруашылығы саласында 4% өсім сақталып отыр - АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл қорытындысы бойынша жалпы өнім көлемі 2,3 трлн теңгеге өскен.

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен есеп беру кездесуінде ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мал шаруашылығы саласында 4% көлеміндегі тұрақты өсім сақталып отырғанын жеткізді.

Мал шаруашылығы саласында 4% көлеміндегі тұрақты өсім сақталып отыр. Жыл қорытындысы бойынша жалпы өнім көлемі 2,3 трлн теңгеге өсті, - деді ол.

Сапархан Омаровтың айтуынша, кредит беру және қосымша субсидиялау арқылы іске асырылған шаралар өз жемісін берді. 

Мәселен, ауыл шаруашылығы жануарлары өсімінде оң серпін байқалып отыр: ірі қара мал мен ұсақ мал 2,7%-ға, жылқы 11,5%-ға, шошқа 2,5%-ға, құс 1,6%-ға артты. 2019 жылы қызыл ет өндіру көлемі 5,8%-ға, құс етін өндіру көлемі 15,8%-ға ұлғайды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында сүт өңдеу 7%-ға, ет өңдеу 8%-ға артты. Бұл ретте сүт зауыттарының жүктемесі 18%-ға, ет комбинаттарының жүктемесі 21,6%-ға ұлғайды, - деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін министр өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5,2 трлн теңгені құрағанын және қазіргі уақытта еліміздегі суармалы жер көлемі 1 млн 546 мың гектарды құрайтынын айтқан болатын.
Загрузка...