Қазақстанда 1,5 млн гектар суармалы жер бар

3 Маусым 2020, 11:49
1943
Бөлісу:
Қазақстанда 1,5 млн гектар суармалы жер бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен есеп беру кездесуінде ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.

Машина-трактор паркін жаңарту қарқыны 4%-ға дейін артты. Шамамен, 12 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды (2018 жылы 9,5 мың бірлік сатып алынған болатын).

Техниканың жаңартылуына сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25%-ы субсидияланатыны, кредит пен лизинг бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемелерінің 10%-ға арзандатылатыны, сондай-ақ, техника лизингіне бастапқы жарна ретінде пайдалану үшін инвестициялық субсидияны аванс ретінде алу мүмкіндігі септігін тигізді, - деді ол.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында суармалы жерлердің көлемін ұлғайту жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. 

Қазіргі уақытта суармалы жерлердің көлемі 1 млн 546 мың гектарды құрайды, оның ішінде 210,4 мың гектар жер жаңбырлатып және тамшылатып суару сияқты ылғал-ресурс үнемдегіш технологиялармен қамтылған, олар өнімділікті бірнеше есе арттырады. Заманауи суару жүйелерін енгізуді ынталандыру үшін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне инфрақұрылым жүргізу мен суару жүйелерін сатып алуға жұмсаған шығындарының 50%-ы өтеледі. Бұдан басқа, сыйақы мөлшерлемесі 10%-ға төмендетіледі, - деді ол.

Омаровтың мәлімдеуінше, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы маңызды міндеттің бірі - ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу үлесін арттыру және қосылған құны барынша жоғары өнім өндіру.

Бұл – Елбасының өңделген өнім экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес келеді. Осы мақсатта өткен жылы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша 450 мың тонна өңдеуге арналған жаңа қуаттылықтар пайдалануға берілді. Бұл ретте крахмал, глютен, азықтық өнімдер мен биоэтанол алу үшін бидайды тереңдете өңдеу сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің жаңа бағыттары пайда болды. Бұл бағыт біз үшін перспективалы. мәселен, өткен жылы 6,4 мың тонна глютен, 16,1 мың тонна бидай крахмалы өндірілді. Өз кезегінде дәстүрлі өңдеудің де өсімі байқалады, атап айтқанда, өсімдік майын өндіру 24,6%-ға, макарон өнімдерін өндіру 4,6%-ға өсті, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы