Максим Споткай: Тоқаев – тәжірибелі тұлға

24 Сәуір 2019, 17:54
2019
Бөлісу:
Максим Споткай: Тоқаев – тәжірибелі тұлға

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезінде Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Партияның осы шешіміне байланысты Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай өз пікірін білдірді.

«Кеше ғана өткен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партия атынан ҚР Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. Тұңғыш Президенттің бұл ұсынысын Nur Otan партиясының мүшелері ғана емес, барша халық қолдады деп айтуға болады. Себебі, Тоқаев Елбасының қасында ұзақ жылдар бойы қызмет жасаған, тәжірибе жинаған тұлғалардың бірі. Және де Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастырған тұлға ретінде айтуға болады. Бірікке Ұлттар Ұйымыны Бас хатшысының орынбасары ретінде де елеулі жұмыстар атқарды», - дейді Максим Споткай.

Оның айтуынша Қосым-Жомарт Кемелұлы Үкімет басшысы және Сенат Төрағасы болған тұста еліміздің ішкі саясатына да өз үлесін қосты.

«Тоқаев кешегі партия съезінде сөйлеген сөзінде Елбасының салихалы саясатын жалғастыруға сөз берді. Елдің де күткені осы сөз еді. Себебі, Елбасы Қазақстанды Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтан аман алып шығып, бүгінгідей дамыған деңгейге көтерді. Болашақта да осы саясат, осы ұстаным басты бағытымыз болу керек деп санаймын. Және сол жолды жалғайтын әрі дамытатын тұлға Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев болады деп үміттенемін», - дейді Максим Споткай.

Өзгелердің жаңалығы