Мақтааралдағы әрбір үйдің құрылысы онлайн бақылауда болмақ

13 Шілде 2020, 18:56
1177
Бөлісу:
Мақтааралдағы әрбір үйдің құрылысы онлайн бақылауда болмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданында болды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ондағы құрылыс жұмыстарын жылдамдату бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Мұнда мобильді топ құрылып, әр үйдің құрылыс барысы арнайы орталық тарапынан онлайн бақылауда болады. Осы арқылы туындаған мәселелерді дер кезінде шешуге ықпал жасайды.

Сонымен қатар, құрылыс жүріп жатқан елді мекендер бірнеше секторға бөлініп, жауаптылар бекітілген. Келес ауданы әкімдігі Фирдауси ауылы, Жетісай ауданы Өргебас ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі жылдам жүргізілуіне жауапты.

Өзгелердің жаңалығы