Мәдени ұйымдар тегін маска таратты

28 Наурыз 2020, 00:27
2963
Бөлісу:
Мәдени ұйымдар тегін маска таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі төтенше жағдайға байланысты карантинде отырған отандастарына ізгі іс жасау мақсатында мәдени ұйымдар да жұмыла іске кірісті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" РММ мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік "Салтанат" би ансамблінің ұжымы үш күндік тынымсыз еңбектің арқасында 700-ге жуық бетпердені дайындап, оны қайырымдылық акциясы ретінде Алматы қаласында автобус жолаушыларына, жаяу жүргіншілерге тегін таратты. Қала тұрғындарына тегін таратылған бірнеше мәрте пайдалануға жарайтын үшқабатты бетперделер барлық санитарлық және гигиеналық талаптарды сақтай отырып, ансамбльдің тігін цехында дайындалған.

IMG_6957-27-03-20-10-52.JPG

Коронавирус індеті – ел үшін ауыр сынақ. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді халқымыз. Маскалар жүз пайыз таза матадан тігілген, үтіктеп, бірнеше рет пайдалануға болады. Медициналық матадан да дайындадық. Қарапайым халыққа, тіпті өз қызметкерлерімізге де бетперде керек. Оны жиі ауыстырып тұрмаса болмайды. Сондықтан елжанды азамат ретінде біз де қала тұрғындарына қол ұшымызды созайық деген шешімге келдік, - дейді ұжым өкілдері.
Бұл шара алдағы уақытта да мүмкіндігінше жалғасын таппақ.
Өзгелердің жаңалығы