Бас жаңалықтар
Ұлттық мұражайда ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың тұсауы кесілді
19 Наурыз 2019, 16:39 499

Ұлттық мұражайда ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың тұсауы кесілді

Астана, BAQ.KZ. Іс-шара ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында өткізілді. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады. 

Ұлттық музейде «Жақсылық жаса» атты халық жобасы аясында «Тұсаукесер» қайырымдылық жобасы өтті. Мұражай осы жобаны төртінші жыл қолдап, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін дәстүрлі түрде өткізеді. 

«Биыл біз Наурыз мейрамын ерекше форматта қарсы аламыз. Қазақтар үшін «жеті» саны қасиетті болып табылады. Осыған байланысты, белгілі адамдар балалар үйінде тәрбие алып жатқан бүлдіршіндердің тұсауын кеседі. Алдағы уақытта осы балалармен жұмыс істеу аясында оларға көмек көрсету және оларды жан-жақты қолдау жалғастырылатын болады. Болашақта біздің акция республика бойынша жалғасын тапқанын қалаймыз», – деді Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Алмаз Оразхан. 

Шараға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, белгілі әнші Майра Ілиясова мен Айгүл Қосанова, Токио университетінің профессоры Кенетако Майузато, Қазақстандағы Еуроодақ Елшісі Свен-Олов Карлссон, археолог, профессор Жамбыл Артықбаев және белгілі филолог, ақын Аманжол Алтаев қатысты. Барлық балаларға сыйлықтар берілді.





Сізден жаңалық