Лондондағы Федерация кубогы: Зарина Дияс алғашқы матчта өнер көрсетеді

19 Сәуір 2019, 19:32
2185
Бөлісу:
Лондондағы Федерация кубогы: Зарина Дияс алғашқы матчта өнер көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы Copper Box Arena стадионында теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Бұл туралы BNews.kz хабарлады. 

Бұл жарыста Қазақстан мен Ұлыбританияның әйелдер құрмасы өзара күш сынасады.

Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша қазақстандық Зарина Дияс пен ұлыбританиялық Йоханна Конта алғашқы болып кортқа шығады. Юлия Путинцева Кэйти Бултерге қарсы күш сынасады.

Ал матчтың екінші күні Юлия Путинцева Йоханна Контамен қарсы ойнаса, Зарина Дияс Кэйти Бултермен кездеседі.

Сонымен қатар, Анна Данилина мен Галина Воскобоева жұбы Хезер Уотсон мен Хэрриет Дарт жұбымен өзара кім мықтыны анықтайды. 

Айта кетейік, 20-21 сәуір күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы Copper Box Arena стадионында теннистен Федерация кубогының ІІ әлемдік тобының плей-офф кезеңі өтеді. Мұнда Қазақстан мен Ұлыбританияның әйелдер құрмасы өзара күш сынасады.

Әйелдер құрамасы теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңінде жалпы үш рет, чғни Францияға (2013), Канадаға (2017) және Ұлыбританияға (2019) жолдама алған.

Аталған жарыста қазақ елінің намысын Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина, Галина Воскобоева қорғайды. Олардың қарсыластары – Йоханна Конта, Кэйти Бултер, Хитер Уотсон, Хэрриет Дарт, Кэйти Суон.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасының бірінші нөмірлі теннисшісі Юлия Путницева командаға пайдасын тигізу үшін аянып қалмайтынын айтты.


Өзгелердің жаңалығы