Лицензиясы уақытша тоқтатылған 5 ЖОО-ның тізімі шықты

28 Қараша 2019, 10:29
12533
Бөлісу:
Лицензиясы уақытша тоқтатылған 5 ЖОО-ның тізімі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі лицензиясы уақытша тоқтатылған 5 ЖОО-ның тізімін жариялады.

Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарын жаппай тексерістен өткізді. Бүгінгі таңда бағалау жүйесінің тізбесіне енген 13 университет тексерілді. Олардың 5-інде бұған дейінгі ескертулер жойылмағандықтан, 5 университеттің лицензиясы бір айға тоқтатылды. 

Олардың қатарында:

1. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет;
2. Инновациялық Еуразия университеті;
3. "Алматы" университеті;
4. Қазақстан-американдық еркін университеті;
5. Қазақ-Орыс халықаралық университеті.

Аталған жоғары оқу орындарының барлығы 1 ай мерзімге лицензиясынан айырылды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жыл соңына дейін тағы 12 ЖОО бойынша бұрын берілген нұсқамалардың орындалуын тексеруді жоспарланған. Бұзушылықтар қайта анықталған жағдайда, лицензиядан айыру және ЖОО жабу үшін құжаттар сотқа жіберілетін көрінеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 12 жоғары оқу орнына айыппұл салынып, 1 университет бойынша іс сотқа жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы