Бас жаңалықтар
Қызылордалық полицейлер екі велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады
14 Мамыр 2021, 15:15 329

Қызылордалық полицейлер екі велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық полицейлер екі велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. 

12 мамырда жергілікті тұрғын полицияға жүгініп, 11 мамырға қараған түні белгісіз біреулер үйінің ауласынан құны 100 мың теңге тұратын екі велосипедті ұрлап кеткенін айтты. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімі қызметкерлері жедел түрде күдіктіні анықтап, ұстады. Белгілі болғандай, күдікті велосипедтерді сату мақсатында ұрлап кеткен. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...