Алматыда әуе апатынан зардап шеккендер жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

14 Мамыр 2021, 14:57
1843
Бөлісу:
Алматыда әуе апатынан зардап шеккендер жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуе апатында жарақат алған ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы тұрақты. Олар жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұл туралы №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков мәлім етті. 

Екі науқастың да жағдайы тұрақты. Олар реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Палатада ем алады, - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков. 

Еске сала кетейік, 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22 кезінде радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақатпен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.


Өзгелердің жаңалығы