Бас жаңалықтар
Қызмет көрсету саласы қалпына келіп жатыр – Ерғалиев
12 Мамыр 2021, 09:09 260

Қызмет көрсету саласы қалпына келіп жатыр – Ерғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

2021 жылғы қаңтар-сәуір қорытындылары бойынша ЖІӨ өсу қарқыны өткен жылғы наурыз айынан бері алғаш рет оң серпін көрсетіп, 0,7 пайызды құрады. ҚР экономикасы өсудің қалпына келу серпініне өтіп жатыр. Қызмет көрсету саласының өсуі жақсарды. Ішкі сұраныстар жақсарып жатыр, - деді Ерғалиев.

Министр айтқандай, өңдеу өнеркәсіп салаларында серпінді және тұрақты өсу байқалады.

Экономиканың өндіруші емес салаларында негізгі капиталған құйылатын инвестициялар саны артып жатыр. Жалпы алғанда экономика өсімінде сапалы өзгерістер байқалып жатыр. Экономика дамуының басты драйвері нақты сектордың тұрақты өсуі болып табылды. Биылғы есепті кезеңде кен өндіруді есепке алмағанда, нақты секторда өсу 7,9 пайызды құрады. Құрылыс, ақпарат пен байланыс, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы саласында өсу байқалып жатыр, - деді ол.

Ерғалиев қызмет көрсету саласы қалпына келіп жатқанын айтты.

Сауданың 5-7 пайызға өсуі аясында қызмет көрсету саласы оң өсімді көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі салаларында қарқынды және тұрақты өсу байқалып жатыр, - деді министр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...