Бас жаңалықтар
Қытай Шри-Ланкаға коронавирусқа қарсы вакцина жіберді
28 Шілде 2021, 15:10 621

Қытай Шри-Ланкаға коронавирусқа қарсы вакцина жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдан COVID-19 вирусына қарсы вакциналардың ең үлкен партиясы Шри-Ланкаға жеткізілді. 

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Препараттар елге екі чартерлік рейспен келді. Бұл ҚХР тарапынан көрсетілген қайырымдылық көмек. 

Сондай-ақ Қытай тарапы вакцинация процесін жеңілдету үшін шприцтерді Шри-Ланка Денсаулық сақтау министрлігіне үлестіріп берді.

Президент Готабай Раджапакс осыған қатысты мәлімдеме жасады.

Бұл қайырымдылық Шри-Ланкадағы көп адамның өмірін сақтап қалуға өз септігін тигізеді, ұлттық егу науқанына айтарлықтай қолдау көрсетеді және әдеттегі экономикалық, әлеуметтік өмірдің тез қалпына келуіне ықпал етеді, - дейді ол.

Бүгінгі таңда Шри-Ланкада 6 миллионнан астам адам індетке қарсы екпе салдырды, олардың көпшілігі Sinopharm вакцинасын қабылдаған.                                                                                                                                                                                                      


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...