Бас жаңалықтар
 Арыстанбек Машрап қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды
06 Мамыр 2021, 12:35 481

Арыстанбек Машрап қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі Арыстанбек Машрап қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені мемлекеттік наградасымен марапатталды.

Орденді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт сөндірушінің әкесі Қабзолдин Дулат Машрапұлына тапсырды.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 2021 жылдың 25 ақпанында Павлодар облысының Ақсу қаласында болған. Арыстанбек Машрап тұрғын үйде шыққан өртті сөндіру кезінде қаза болған.

Азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машрап 2018 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етті.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Арыстанбектің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты әкесіне көңіл айтты.

Адамдарды құтқару үшін өз өмірін қиған ТЖ қызметкерлерінің ерлігі санамыздан ешқашан өшпейді. 1991-2021 жылдар аралығында қызметтік борышын атқару кезінде азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері қаза болды.




Фото: дереккөз
Загрузка...