Қостанай жылқысын дамытуға арналған жол картасы бекітілді

13 Қыркүйек 2021, 21:07
4326
Бөлісу:
Қостанай жылқысын дамытуға арналған жол картасы бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы зауыттық зылқы тұқымдары палатасының директоры Талғат Жайсаңбаев хабарлады.

Үкіметтен бізге үлкен жаңалық келді! Қазақстанда 2021 жылы 11 қыркүйекте Қостанай жылқысының тұқымын сақтауға арналған мемлекеттік жол картасы бекітілді! Жол картасы тұқымды сақтаудың негізгі жолдарын көрсетеді – дейді Талғат Жайсаңбаев.

Жол картасы аясында:

Жыл сайынғы республикалық бұқаралық спорттық күнтізбеге тек Қостанай жылқы тұқымының арасында өткізілетін спорттық жарыстар (әр түрлі түрлерде) енгізіледі.

«Арғымақ» ипподромын қаржыландыру және ағымдағы жөндеуге қаражат бөлу (Қостанай облысы)

Ат спортының келесі түрлері бойынша жүйелі тренинг пен сынақтарды қалпына келтіру: бәйге, ұшқыр бәйге, жетекші бапкерлер мен шабандоздарды тарта отырып, олимпиада және паралимпиадалық ат спортын жаңғырту.

Қостанай тұқымды жылқылардың құжаттарымен бірге жыл сайын 5-10 бас Қостанай тұқымын сатып алу арқылы «Қазақтұлпары» ЖШС-де өсіріп аналықтарымен толықтыру.

Сонымен қатар аңызға айналған Қостанай жылқы зауытын реконструкциялау және қалпына келтіру жоспарлары бар.

Жол картасына ҚР Премьер -Министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжанов қол қойды. Ол айтқандай, жалғыз зауыттық жылқы тұқымының қамқорлығын өз мойнына алды. Мемлекеттік жоғары деңгейде қабылданған шаралар тұқымның қалпына келуіне және оның одан әрі гүлденуіне әкелетініне сенімдіміз! – дейді Талғат Жайсаңбаев.

Сонымен қатар ол Қазақстан атбегілеріне үндеу жасады.

Республикалық палата атынан біз Қазақстанның атбегілерін шетелден жылқының барлық түрін кездейсоқ сатып алуды тоқтатуға және Қостанай тұқымына қарауға шақырамыз. Әсіресе, қазіргі шындықты ескере отырып, Қостанай жылқысы мемлекеттік деңгейде қолдау алуы, ұлттық брендке айналуға деген алғашқы қадамы – Қазақстандағы жылқы шаруашылығының жандануының белгісі! – дейді палата директоры.
Өзгелердің жаңалығы