Бас жаңалықтар
Көшербаев әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2020, 18:35 222

Көшербаев әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаев әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

2020 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық ғылым мен техника қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін жоғары тану болып табылады.

Биыл мемлекеттік сыйлықты алу үшін барлығы 6 жұмыс түскен. Алдын ала іріктеуден кейін екінші кезеңге 3 жұмыс өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру үшін жұмыс тізімін бекітті.

Келесі кезеңде 2020 жылғы Қазақстан Республикасының  әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы әзірленетін болады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...