Коронавирус. Қырғызстанда тағы 3 адам тіркелді

20 Наурыз 2020, 11:17
1080
Бөлісу:
Коронавирус. Қырғызстанда тағы 3 адам тіркелді

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ.  Қырғызстанда коронавирус дертіне шалдыққан тағы 3 адам анықталды. Барлығы 6 адам болды. Бұл туралы 24.kg. хабарлады.

Вирустың жаңа ошағы Ош облысы Ноокат ауданында анықталды. Бұл туралы брифингте денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев айтты.

Вирус жұқтырғандардың барлығы кіші қажылыққа барған адамдар. Олардың барлығы оқшауланды, дәрігерлердің бақылауында боксталған палаталарда жатыр. Қажетті ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр. Оларда клиникалық белгілер болмады, симптомсыз, анализі оң болды, - деді ол.

Космосбек Чолпонбаевтың айтуынша, қазір ол адамдармен қатынаста болған адамдар іздестіріліп жатыр.

Министр сонымен қатар, кіші қажылықтан келгендерге дүрбелеңге салмай, ешкіммен араласпай үйде отыруға кеңес берді.

Егер де аурудың қандай да бір белгілерін байқасаңыз, дәрігерлерге хабарласыңыз, - деді министр.


Өзгелердің жаңалығы