Бас жаңалықтар
Коронавирус. Шенеуніктерге деген жеке тәртіп жоқ – вице-министр
03 Шілде 2020, 13:27 107

Коронавирус. Шенеуніктерге деген жеке тәртіп жоқ – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық  коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Шенеуніктерді ауруханаға жатқызу бойынша арнайы жеке тәртіп жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің барлығы да – саяси болсын, әкімшілік қызметкерлер болсын ауру дәрежесіне қарай инфекциялық стационарларда ем алып жатыр. Аурудың жеңіл және орташа деңгейдегі түрімен ауырып жатқан азаматтар тиісті ем-дом шараларын үйде қабылдауда, - деді ол.

Вице-министр ведомстволық ауруханаларда инфекциялық ауруларды емдеу қарастырылмағанын айтты.

Ведомстволық ауруханаларда инфекциялық ауруларды емдеу қарастырылмаған. Олардың мұндай жұмысты жүргізуге арналған лицензиясы жоқ. Сол себепті мемлекеттік қызметшілерге жалпы тәртіп бойынша ем жасалады, - деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, бұған дейін Ажар Ғиният экс-министр Елжан Біртанов инфекциялық стационардан шыққанын мәлімдеген болатын. Ол, сонымен қатар аймақтардағы стационарларда реанимациялық төсек-орын тапшы екенін және елімізде жедел жәрдем көліктері жеткіліксіз екенін айтты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...