Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
Елжан Амантайұлы жағдайының жақсаруына байланысты инфекциялық стационардан шығарылды. Қазір амбулаторлық емді жалғастыруда, - деді вице-министр.
Айта кету керек, Біртановтың коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз. Кейін ҚР денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалған Алексей Цой бұрынғы әріптесінің тез жазылып кетуіне тілектестік білдірді .