Коронавирус. Моңғолияда 3 адам тіркелді

16 Наурыз 2020, 22:01
2018
Бөлісу:
Коронавирус. Моңғолияда 3 адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Моңғолия Респуликасының Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырған үш адам тіркелгенін хабарлады. 

Вирус жұқтырған үш адамның екеуі Оңтүстік Кореядан, біреуі Германиядан келген. Науқастардың қатерлі індетті жұқтырғаны 16 наурыз күні 20:50-де (Нұр-Сұлтан уақыты) анықталған. 
Франциядан Германия арқылы елге оралға әйелдің жағдайы ауыр. Онымен бірге келген тағы 9 адам оқшауланды. Жағдай қазір бақылауда, -  деді Моңғолия Респуликасы денсаулық сақтау министрлігінің сараптама орталығының басшысы. 
Естеріңізде болса бұған дейін Моңғолияға Франциядан келген француз азаматтың ауырып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы