Коронавирус: Әлем бойынша 14 тамыздағы таңертеңгі жағдай

14 Тамыз 2020, 08:50
1717
Бөлісу:
Коронавирус: Әлем бойынша 14 тамыздағы таңертеңгі жағдай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 тамызда таңертең әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 20,7 миллионнан асты. Бұл туралы америкалық Джонс Хопкинс университеті хабарлады.

Университеттің мәліметі бойынша, әлемде 20 744 267 адам COVID-19 ауруына шалдығады, 752 051 пациент инфекцияның құрбанына айналды, тағы 12 917 341 адам сауығып кетті.

Инфекция жұқтырудың ең көп саны бойынша алғашқы ондыққа кіретін елдер:

АҚШ - 5 244 238 адам жұқтырды, 167 029-ы қайтыс болды.

Бразилия - 3 164 785 адам жұқтырды, 104 201-і қайтыс болды.

Үндістан - 2 396 637 адам ауруды жұқтырды, оның 47 033-і қайтыс болды.

Ресей - 905 762 адам жұқтырылды, 15 353-і қайтыс болды.

Оңтүстік Африка - 572 865 адам ауру жұқтырды, 11 270-і қайтыс болды.

Перу - 498 555 адам жұқтырды, оның 21 713-і қайтыс болды.

Мексика - 498 380 адам ауру жұқтырды, 54 666-сы адам қайтыс болды.
  
Колумбия - 422 519 адам жұқтырды, 13 837-сі қайтыс болды.

Чили - 380 034 адам инфекция жұқтырды, 10 299-ы қайтыс болды.

Испания - 337 334 адам жұқтырса, оның 28 605-і қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус туралы басқа статистиканы ұсынады. ДДСҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде COVID-19 жұқпасының саны 20,439,814-ке жетті, 744 385 адам қайтыс болды. Бір тәулік ішінде әлемде 276 398 жаңа инфекция жұқтыру жағдайы тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы