Бас жаңалықтар
Маңғыстаудағы коронавирус жұқтырған азаматтың қайдан келгені анықталды
27 Наурыз 2020, 20:17 2150

Маңғыстаудағы коронавирус жұқтырған азаматтың қайдан келгені анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Еліміздің батысындағы Маңғыстау облысында бүгін алғаш рет коронавирус жұқтырған анықталды. Ол Ақтауға Түркиядан ұшып келген.

Бұл туралы Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев айтты.

Бүгін бірінші рет Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған науқас тіркелді. Бұл азамат, 1974 жылы дүниеге келген, Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Ол таңғы 5:30-да Стамбұлдан Ақтау қаласына ұшып келген. Ұшақта 74 адам болған, олардың барлығы тексеру госпиталіне жатқызылды.Коронавирус инфекциясы табылған науқас жұқпалы аурулар емханасына жатқызылып, эпидемиялық емдеу шараларын алып жатыр, - дейді басқарма басшысы.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 69 адам, Алматы қаласында – 50 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, жалпы 137 науқас тіркелді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...