Коронавирус: Алматыда тағы екі науқас жазылды

3 Сәуір 2020, 13:11
1742
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыда тағы екі науқас жазылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев брифингте айтты. Оның айтуынша, 3 сәуір күні таңертең Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 91 жағдайы тіркелген.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 79 пациент емделуде. Олардың бірі Алматы облысының тұрғыны. 66 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 11 ересек адамның жағдайы орташа ауырлық деңгейінде, - деді ол.

Сонымен қатар, ол жаңадан анықталған жағдай бойынша түсінік берді. Бұл науқас байланыста болғандар қатарынан.
Бүгінгі күні инфекциялық стационардан коронавирустық инфекциядан сауығып, тағы екі пациент ауруханадан шығарылды. Бұл екі әйел, біреуі 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Египеттен ұшып келген. Жалпы, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны – 13 адам, оның ішінде екеуі бала, - деді Т. Әбілдаев.

Басқарма басшысының мәліметінше, провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде жатыр, оның ішінде 79-ы бала. Екі күндік карантинде 446 азамат, үй карантинінде – 4411 адам.

Қазіргі уақытта еліміз бойынша коронавирус анықталған 448 жағдай тіркелген. Оның 94 Алматы қаласында.



Өзгелердің жаңалығы