Кореялық инвесторларға Қазақстанның үш қаласында заманауи клиника салу ұсынысы айтылды

22 Сәуір 2019, 17:37
1970
Бөлісу:
Кореялық инвесторларға Қазақстанның үш қаласында заманауи клиника салу ұсынысы айтылды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында заманауи клиникаларды ашуға қатысу үшін кореялық инвесторлар тартылып жатыр.

«Қазақстан индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асырып жатыр. Осы бағдарлама аясында басым салалар: медицина, металлургия, химия, мұнай өңдеу мен тамақ өнеркәсібі. Мысалға, 2 млрд доллар сомасында метанол өндіру, 500 млрд доллар сомасында калий сульфатын өндіру бойынша біріккен химиялық компаниямен серіктестік негізінде іске асырылуы мүмкін химия және мұнай химия саласы деуге болады», - деді Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев.

Сонымен қатар, спикер кореялық инвесторларды еліміздің үш қаласында заманауи клиника ашуда инвестиция құюға шақырып отырғанын атап өтті.

«Қазақстан кореялық инвесторларға сирек кездесетін металдарды қазу және өңдеуге байланысты жобаларды ұсынуға дайын. Қазақстанның солтүстігінде кремний өндіру жобасына басымдық беріліп отыр. Ол жақта арзан шикізат пен электр энергиясы бар. Сондай-ақ, Орталық Қазақстандағы әлем бойынша ең ірі вольфрам кен орнын игеру жобасы қызық. Тағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында заманауи клиникаларды ашуға қатысу үшін кореялық инвесторларды шақырып жатырмыз», - деп толықтырды Рустам Исатаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында Қазақстан-Корея іскерлік кеңестің қазақстандық тарапынан тең төрағасы Алмасадам Сәтқалиев атап өткендей, Қазақстан-Корея іскерлік кеңесі қос ел арасында 12 құжатқа қол қойылды.

Қазақстан-Корея іскерлік кеңестің кореялық тараптан тең төрағасы Шин Сан Хо Қазақстан – Кореяның Корей түбегіндегі денуклеризация бойынша ең маңызды серіктестірінің бірі екенін айтты.

Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция көлемі 10 есе өскен. Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда мыңға жуық кореялық компания тіркелген. Бұл туралы Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқа төрағасының орынбасары Рустам Исатаев айтты.


Өзгелердің жаңалығы