Бас жаңалықтар
Қазақстанда мыңға жуық кореялық компания тіркелген
22 Сәуiр 2019, 16:57 474

Қазақстанда мыңға жуық кореялық компания тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция көлемі 10 есе өскен. Бұл туралы Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқа төрағасының орынбасары Рустам Исатаев айтты.

«Соңғы 10 жылда Қазақстанға келетін шетелдік инвестицияның жыл сайынғы келуі 10 есе өсті. 2005 жылы Қазақстанға тартылған кореялық инвестицияның көлемі 50 млн долларды құраған болса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 500 млн долларға жуықтады», - деді Рустам Исатаев.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілінің айтуынша, 2005 жылдан бастап оңтүстіккореялық кәсіпкерлер Қазақстанға 5 млрд доллардан астам тікелей инвестиция құйған.

«Бүгінде Қазақстанда 1 мың кореялық компания тіркелген. «Kazakh Invest» құны 4,8 млрд доллар болатын кореялық капиталдың қатысуымен 42 жобаны іске асырып жатыр. Оның 20-сы сәтті аяқталды», - деді компания өкілі.

Сондай-ақ, бүгін өткен  Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында Қазақстан-Корея іскерлік кеңестің кореялық тараптан тең төрағасы Шин Сан Хо Қазақстан – Кореяның Корей түбегіндегі денуклеризация бойынша ең маңызды серіктестірінің бірі екенін айтқан еді.
Загрузка...