Бас жаңалықтар
Көпбалалы отбасыларға 2 200 000 теңгеден беріледі
15 Қыркүйек 2021, 04:16 425

Көпбалалы отбасыларға 2 200 000 теңгеден беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасыларға үй алу үшін алғашқы жарна ретінде 2 200 000 теңгеден беріледі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен, басқарма басшыларымен «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру жөнінде кеңес өткізді. ⠀

Көпбалалы, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жанұялар тиімді шарттар арқылы жаңа үй ала алады. Бастапқы жарна ретінде 1,5 миллион теңгенің сертификаты беріледі. Бұған қоса «Парыз» қорынан 700 мың теңгеден бөлінеді. Бұл «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған ауданы 70 шаршы метрді құрайтын пәтер құнының 22% пайызы, – деді аймақ басшысы.

Облыстың жылжымайтын мүлік нарығында қолданыстағы тұрғын үйдің шаршы метрі – 280 мың теңгеден, ал жаңа пәтер шаршы метрінің – 340 мың теңгеге дейін барады.

Мұның жанында біздің ұсынып отырған жобамыз өте тиімді екені анық. Жеңілдетілген шартпен әр шаршы метр 160 мың теңгеге бағаланып отыр. Бүгінгі таңда «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға 1860 өтінім түсіп, оның 250-і мақұлданды. Өкінішке қарай, жергілікті жерлердегі әкімдер бағдарламаның артықшылықтарын дұрыс түсіндірмейді. Бастапқы жарна ретінде пәтер құнының 22%-ы төленетінін, дайын үйге кіре салуға болатынын, несие шарттарының ерекшелігін және үй жанында жеке жер учаскесі болатынын көпшілік білмейді. Бұл жұмысты күшейту қажет. Отбасылардың санын есептеп қана қоймай, олардың әрқайсысымен сөйлесу керек, – деді Даниал Ахметов.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...