Конституциялық шағым институты – халықаралық тренд
11 Мамыр, 15:08 514

Конституциялық шағым институты – халықаралық тренд

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азаматтардың конституциялық шағымы институтын енгізу былтыр Өзбекстанда, Қырғызстанда, Украина, Мажарстан, Түркия, Литва және басқа елдерде енгізілді. 

Енді конституциялық сотқа азаматтардың жетуінің бірнеше каналдары Қазақстанда да ашылып отыр. Біріншісі – азаматтың тікелей жүгінуі. Екіншісі – Омбудсмен институты арқылы жүгіну. Үшіншісі – бас прокурор арқылы жүгіну. Төртіншісі – соттар арқылы жүгіну. Төрт каналдың қайсысын пайдаланады ол азаматтардың өзінің еркі, – деді Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов.  

Түркияда бұл институт енгізілгенде жылына 65 мыңға дейін шағым түсті. Жыл сайын көршілес Ресейде бұл институттың жұмыс істегеніне 30 жылдан асса да 12 мыңға жуық шағым түседі. Ал Өзбекстанның тәжірибесіне сүйенсек, қазір аптасына 100-150 шағым келіп жатыр.     

Конституциялық сот қазіргі кезде елімізде қалыптасқан үш сатылы жалпы сот жүйесіне қосымша инстанция болып табылмайды, бірден басын ашып алған жөн. Конституциялық сот нақты даулардың нақты шығарылған сот шешімдерінің, үкімдердің заңдылығын, әділеттілігін қарамайды. Конституциялық сот осы азаматтық, қылмыстық, әкімшілік басқа да істерді қарау кезінде қолданылған нақты заңның Ата заңның талаптарына сәйкестігін қарайды, – дейді Бақыт Нұрмұханов. 


Фото: дереккөз
Загрузка...