Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 6-бап
7 Мамыр, 21:21 1488

Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 6-бап

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жолы талқылауға 6-бапты шығардық. Конституциялық реформада өзгеріске түсетін екінші бап осы.

6-бапта еліміз өмірі үшін маңызды мәселе айтылған. Ол – жер мәселесі. Мемлекеттік меншік пен жекеменшікке арналған баптың 3-тармағы жаңа редакциямен жазылды. Бұрын мемлекет меншігіне жатқан дүниелер, жаңа редакция бойынша референдумнан кейін халыққа тиесілі болып өзгертіледі.

Коституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.

6-бап

Жаңа нұсқада: 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.».

Ескі нұсқада: 6-баптың 3-тармағы

3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

Кеше 4-баптағы өзгеріс жайлы жазған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...