Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 4-бап

6 Мамыр 2022, 21:21
5234
Бөлісу:
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 4-бап

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Конституциялық реформа жасап, 30-дан астам заңға өзгертулер енгізу туралы әңгіме қозғалғалы біраз уақыт болды.

Әуелі Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған мәселе кеше ғана Конституциялық реформа жасау бойынша референдум өткізетін нақты күнді белгілеумен аяқталды.

Ал 6 мамыр күні өзгеріске түсетін Ата заңымыздың алғашқы жобасы жарияланды.

Сонымен, BAQ.KZ АА бүгіннен бастап Ата заңымыздың редакцияланған жаңа нұсқасы мен бұған дейін қолданыста болған бұрынғы нұсқасын салғастырып, оқырман назарына ұсынуды жөн көрді.

Жаңа нұсқа мен ескі нұсқаны салғастыра отырып, Конституцияға енгізілер өзгерісті өздеріңіз пайымдайсыздар деген ойдамыз.

Конституцияның бұрынғы нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған Ата заңнан алынды.

4-бап

Жаңа нұсқада: 4-баптың 1-тармағындағы «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын.

Ескі нұсқада: 4-баптың 1-тармағы

1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы