Қазақстан пойыздары көмір жағудан бас тартады

4 Желтоқсан 2019, 09:19
16804
Бөлісу:
Қазақстан пойыздары көмір жағудан бас тартады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы елімізде "жасыл пойыз" жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Елорда Инфо хабарлады.

Бүгінде вагондар паркін жаңартудың стратегиясы жасалып жатыр. ҚТЖ компаниясымен бірге "жасыл технологияларға" көшу көзделген. Бізде қазір вагондар көмірмен жылытылады. Компания алдағы 2-3 жылдың ішінде көмірден мүлде бас тартып, "жасыл вагондар" жүйесіне көшпекші. Мұның бәрі жолаушыларға мейлінше бапталған ауа мен жасыл технологияға негізделген жылу ұсыну үшін жасалады. 2022 жылдан бастап компания жасыл технологиямен жұмыс істейтін вагондарды сатып алуға көшеді және көмірден бас тартады, – деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының HR және корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдыкөзов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.    

Сондай-ақ аталған компания өкілі 2020 жылы 140-тан астам жаңа вагон сатып алынатынын айтты.

Жыл сайын 100 жолаушы вагоны істен шығады. Солардың орнын жаңа вагонмен толықтыру үшін жыл басынан бері 63 вагон сатып алынды. 2020 жылы 146 вагон сатып алу көзделген. Оның 23-ін биыл алып үлгеру жоспарланып отыр. Осылайша вагон тапшылығы толықтай жойылады. Сондай-ақ, вагондардың қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін қолданыстағы вагондар паркін жаңғырту жоспарланған, – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Антониу Гутериш әлем елдерін көмірден бас тартуға шақырған еді.


Өзгелердің жаңалығы