Семейде көпбалалы отбасы пәтер алудан бас тартты

4 Желтоқсан 2019, 08:53
12338
Бөлісу:
Семейде көпбалалы отбасы пәтер алудан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде көпбалалы отбасы пәтер алудан бас тартып, қаладан 30 шақырым қашықтағы Чекоман ауылына көшіп барды, деп хабарлады semeyainasy.kz.

Жүнісовтер отбасында алты бала бар. Үлкені – 14, ал кішісі бір жастан асқан. Бұл отбасына әлдебір кәсіпкер (атын атамауды өтінген) аталмыш ауылдан ауласы кең, қора-жайы түгел салынған үй алып берген.

Отанасы Марал Жүнісова жуықта "Бастау бизнес" жобасымен грант ұтып алған. Оған әзірге 20 тауық сатып алды. Енді сиыр әкелмек.

Қалада үйден-үйге көшіп жүрдік. Көп баламен қайбір жақсы үйлерді жалдап тұрды дейсіз. Бірінен бірі өтеді. Бала-шаға көп екен деп, ешкім жақсы үйіне кіргізбейді. Күйеуімнің бір өзі тапқан қаражаты жеткіліксіз. Ал үй кезегінде 8 жыл тұрдық. Сондықтан да ауылды жерге барып кәсіп бастауды ұйғардық. Бақшаға көкөніс егіп, сүт өнімдерін сатып дегендей де, тамағымызды айыруға болады ғой, - дейді Марал Жүнісова.

Жуықта, нақтырақ айтқанда 1 желтоқсан күні Жүнісовтер отбасынының жаңа қонысына Семей әкімі Ермак Сәлімов бас сұғып қайтты. Мемлекет тарапынан оларға қажетті көмек көрсетілетінін айтты.





Өзгелердің жаңалығы