Бас жаңалықтар
Көлгінов пандемия кезінде ШОБ субъектісі 11 мыңға көбейгенін айтты
10 Ақпан 2021, 10:13 341

Көлгінов пандемия кезінде ШОБ субъектісі 11 мыңға көбейгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарымен есептік кездесуі барысында айтты. 

Жыл сайын біз көптеген аудитория жинап, халық алдында есеп беретінбіз. Биыл пандемияға қатысты есептік кездесу онлайн ұйымдастырылып отыр. Өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткішті баяндап өтсек. Елордамыздың экономикалық драйвері – құрылыс саласы. Былтыр тұрғын үйді іске қосу 3 млн шаршы метрден асты. Ол 2019 жылмен салыстырғанда 1 млн шаршы метрге көп, - деді ол. 

Көлгінов соған сәйкес инвестиция да 1 трлн 100 млрд теңгеден асқанын айтты. 

Құрылыс жұмыстары да 574 млрд теңгені құрады. Пандемия кезінде шағын және орта бизнестің төмендеуіне атсалысу нәтижесінде ШОБ субъектісі 11 мыңға көбейді. Өндірілген өнім де 1 трлн теңгеден астам қаражатты құрады. Шектеуге байланысты тауар айналымы төмендеді. Бұл пандемияның әсері деп айтуға болады, - деді ол.

Қала әкімі пандемия кезінде бюджет қайта қаралғанын тілге тиек етті. 

Бюджетті 43 млрд теңгеге оңтайландырдық. Экономика секторына 25 млрд теңгені бағыттадық. Білім беру мен денсаулық саласына 10 млрд-тан астам қаржыны бағыттадық, - деді Көлгінов.


Фото: дереккөз
Загрузка...